Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Студенттер Қазақстандағы экологиялық сын-қатерлер мен оларды шешу жолдарын және ReStart бағдарламасын талқылады

Куратор Бекжанова Т.Қ. . және э.ғ.к., доцент Айтхожина Л.Ж. Б-Ст-25/1 тобында Қазақстан Республикасындағы өзекті экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарына арналған семинар өткізді.

Шара аясында студент Танырбаев Жандос мазмұнды презентация мен бейнеролик ұсынды. Баяндамасында ол ірі қалалардағы атмосфералық ауаның ластануын, қалдықтарды кәдеге жаратудағы проблемаларды, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарларын қоса алғандағы заманауи экологиялық проблемаларды атап өтті. Экологиялық мәдениет қалыптастыру қажеттілігі мен қоршаған ортаны сақтауға деген қоғамның жауапкершілік деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.

Студенттер Қазақстандағы экологиялық сын-қатерлер мен оларды шешу жолдарын және ReStart бағдарламасын талқылады

Семинар барысында қатысушылар ұсынылған материалдарды белсенді талқылады, пікір алмасты және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынды. Айтхожина Л.Ж. осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп: «Экологиялық сана студенттерде бүгін қалыптасуы тиіс, өйткені жастар елдің тұрақты дамуында шешуші рөл атқарады. Мұндай кездесулер тек хабардарлықты арттырып қана қоймай, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға да ықпал етеді», — деп атап өтті. Әлеуметтік маңызды тақырыптарда семинар өткізу студенттерде аналитикалық ойлауды, жауапкершілікті және қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық