«Экономика және маркетинг» кафедрасының Б ДМ 25/23 тобында оқитын Esil University студенті Виктория Выходцева Астана жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Esirtskiz Elorda: Тәуелсіздіксіз болашақ идеясы» қалалық идеялар байқауының Гран-присін — ноутбукты жеңіп алды.
Астана қаласы әкіматының «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы» КМУ ұйымдастырған конкурс жастардың салауатты өмір салтына саналы көзқарасын қалыптастыруға және әртүрлі тәуелділіктердің алдын алуға ықпал ететін әлеуметтік маңызды және шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталды.


