Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттеріне заң мен құқықтық тәртіп туралы айтылды

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және аға оқытушы А.Ж. Бейсенова ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдерін — полиция капитаны Мира Сабиеваны, экономикалық тергеу қызметінің майоры Гадылбеков Саятты, полиция капитаны Қарлығаш Жасұзақты, полиция капитаны Төлеухан Назираны шақырды.

Заңтану және ПЭҚБ мамандықтарының 1 курс студенттері талқылауға белсенді қатысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, киберқылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы сұрақтар қойды. Дәрістің тақырыбы — «Қазіргі қоғамдағы заң және тәртіп».

Esil University студенттеріне заң мен құқықтық тәртіп туралы айтылды

Іс-шараның мақсаты студенттердің құқықтық тәртіп қағидаттары, азаматтардың құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігі, сондай-ақ қоғамда қауіпсіздік пен заңның сақталуын қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы білімін кеңейту.

Жаңалықтарға