«Менеджмент» кафедрасы студенттермен академиялық мобильділік мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шаралар барысында студенттерге Esil University-дің қолданыстағы академиялық мобильділік бағдарламалары, қатысу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ шетелдік және отандық серіктес жоғары оқу орындарында оқудың артықшылықтары туралы ақпарат ұсынылды. Құжаттарды ресімдеу мәселелеріне, өтінімдерді беру мерзімдеріне және қаржылық қолдау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Жүргізілген жұмыс аясында білім беру бағдарламасы студенттерінің академиялық мобильділікке қатысуының төмен болу себептеріне де талдау жасалды. Анықталған негізгі шектеулерге шет тілдерін меңгерудің жеткіліксіз деңгейі, қаржылық кедергілер, сондай-ақ мобильділікке қатысуды қиындататын оқу жоспарларының академиялық ерекшеліктері жатқызылды.

