Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University қызметкерлері мен студенттері «Қазақстан – Франция» кітабының тұсаукесеріне қатысты

Ұлттық академиялық кітапханада ғалым, дипломат, аудармашы, ақын Мурсал – Наби Туяқбаевтың «Қазақстан – Франция» кітабының тұсаукесері өтті, оған Esil University студенттері қатысты.

Бұл кездесуде студенттер Мұрсал-Нәби Тұяқбаев туралы көп ақпарат алды. Мұрсал-Нәби Тұяқбаев — физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі. ҚР СІМ-нің Үндістан, Ресей, Франция, Индонезия, Өзбекстандағы елшіліктерінде және Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірлік антитеррористік құрылымында дипломат болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, 1-сынып дипломат-кеңесші.

Esil University қызметкерлері мен студенттері «Қазақстан – Франция» кітабының тұсаукесеріне қатыстыEsil University қызметкерлері мен студенттері «Қазақстан – Франция» кітабының тұсаукесеріне қатысты

Сондай-ақ іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңалықтарға