«Статистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттер тобында «Мамандық таңдау — тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі» тақырыбында семинар өтті. Презентациямен студенткалар Абдуллаева Лейла және Жарғақова Анель сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде жүргізілген зерттеудің нәтижелерімен қатысушыларды таныстырды.
Семинар тақырыбын талқылау барысында шет елдердегі кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру мәселелері, елімізде бұл жұмысты ұйымдастырудың проблемалары қозғалды. Студенттер жеке тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, мамандық таңдауға әсер ететін факторларды анықтап, болашақ кәсіби мансабы туралы жоспарларымен бөлісті.


