Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Цифрлық трансформация және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндіктері» жобасы аясындағы семинар

3 сәуірде AP19676695 «Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігі» ғылыми жобасын іске асыру аясында «Цифрлық трансформация және инклюзивті жұмыспен қамтудың мүмкіндіктері: қиындықтар мен перспективалар» тақырыбында оқу-ғылыми семинар өтті.

Іс-шараны э.ғ.к., ассоциатталған профессор Ешпанова Д.Д., э.ғ.к., профессор м.а. Бекжанова Т.К., сондай-ақ «Есеп және аудит» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды.

«Цифрлық трансформация және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндіктері» жобасы аясындағы семинар«Цифрлық трансформация және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндіктері» жобасы аясындағы семинар

Семинар студенттерде цифрландыру процестерімен байланысты еңбек нарығындағы заманауи трансформациялар туралы тұтас түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ инклюзивті жұмысқа орналасу саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға бағытталды.

Іс-шара барысында цифрлық трансформацияның тұжырымдамалық аспектілері, оның ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоса алғанда халықтың осал санаттары үшін еңбекпен қамтудың қолжетімділігіне ықпал ету механизмдері, сондай-ақ цифрлық экономика жағдайында тұрақты инклюзивті жұмыспен қамту моделін қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Талқылауларда халықаралық және ұлттық тәжірибені талдауға, жұмысқа орналасудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізуге, цифрлық теңсіздік тәуекелдерін және оларды жеңу жолдарын талқылауға, сондай-ақ инклюзивті ортадағы еңбек интеграциясының перспективаларын бағалауға ерекше назар аударылды.

Студенттердің семинарға қатысуы олардың сыни тұрғыдан ойлауын, зерттеушілік бастамасын дамытуға, сондай-ақ өзгеріп жатқан еңбек нарығы жағдайындағы кәсіби қызметке әлеуметтік жауапкершілік пен дайындықты қалыптастыруға септесті.

Жаңалықтарға