2024 жылдың 6 желтоқсанында Esil University базасында «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық ғылымы мен басқаруы: жаңа сын-қатерлер мен даму» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Кеңейтілген секциялық отырыс өтті; конференция экономика ғылымдарының докторы, профессор Тұрекұлова Дәметкен Медиханқызының 60 жылдық мерейтойына арналды.
Конференция секциясының жұмысы 6 бағыттан тұрды. Секция жұмысына қатысуға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарынан 250-ден астам ғылыми мақала мен тезис келіп түсті.
Кеңейтілген секциялық отырыста «Бизнес және басқару» факультетінің деканы Алина Г.Б. және «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Байгіреева Ж.З. кіріспе сөз сөйледі. Секцияны модератор ретінде Есымханова З.Қ. жүргізді.
Секциялық отырыста «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі Лукпанова Ж.О., «Экономика және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Замбинова Г.К., оқытушылар Рюмкин С.В., Мухамбетова Л.К., Байдалинова А.С., Сакенқызы А. және т.б. белсене қатысты.
Секция баяндамашылары ретінде Қазақстандық ғалымдар да, түрлі жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары да сөз сөйледі.
Атап өткен жөн болатын спикерлер:
1. Бірмағамбетов Талғат Балтабаевич, э.ғ.к., Alem University Бизнес мектебінің доценті, Астана қ. Баяндама тақырыбы: «Сыртқы борыштың Қазақстан экономикасына әсері».
2. Мукушева Алия, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Мемлекеттік аудит» ОБ 1 курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Қазіргі заманғы қиындықтар жағдайында Қазақстандағы кадрлық ресурстардың тиімділігін мемлекеттік аудитті жетілдіру».
3. Хуаныш Лена, Esil University ФБУ «Менеджмент» ОП 1-курс докторанты.
Тема доклада: «Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік компанияларда көміртегі бейтараптылығының мүмкіндіктерін басқару».
4. Есенжолов Жангир, Esil University Қолданбалы ғылымдар факультетінің «Ақпараттық жүйелер» ОП 1-курс магистранты.
Баяндама тақырыбы: «Integration of Platonus database with cloud services».
5. Асқарова Үмітай, Esil University ФБУ «Менеджмент» ОБ 1-курс магистранты. Баяндама тақырыбы: «Кәсіпорынның корпоративтік бейнесін қалыптастыру».
6. Оспанов Исламбек Ескенyлы, магистрант 1-курса ОП "Менеджмент" НПН ФБУ Esil University. Тема доклада: «Жобалық қызметті басқарудың тиімді әдістері».
7. Султанов Хангерей, магистрант 1-курса ОП "Менеджмент" НПН ФБУ Esil University. Тема доклада: «Әлеуметтік желілердің негізгі түрлері мен мүмкіндіктері».
Секция отырысы жоғары ғылыми-практикалық деңгейде және пікірталас форматында өтті. Секция қатысушылары спикерлерге қызықты сұрақтар қойды, оларға жан-жақты және толық жауаптар алды.
Секциялық отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған ғылыми жұмыстар бойынша қарар тұжырымдалды және конференцияның Пленарлық отырысына ұсыным үшін жіберілді.