Мансап аптасы аясында 21 сәуірде «Менеджмент» кафедрасы Айдын Имашевтің — практик-оқытушының (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті басқармасының басшысы) қатысуымен «Мемлекеттік қызмет — халыққа қызмет!» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
А.Имашев мемлекеттік қызметке іріктеу процесінің негізгі кезеңдерімен таныстырды. Тесттерге және сұхбатқа дайындалу бойынша ұсыныстар берді, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде жіберілмеуі тиіс қателерді талқылады. Сонымен қатар А. Имашев әңгімелесу барысында басқару саласындағы өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.

