2025 жылдың 31 наурызынан 18 сәуіріне дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Esil University-нің «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Зейнегүл Есымханова А. Қусайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтында «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Салықтар және салық салу» (2 кредит) пәні бойынша дәрістер курсын өткізді.
Курс аясында Қазақстанның салық жүйесінің негізгі аспектілері, жанама салықтардың құрылысының ерекшеліктері мен салықсалудағы заманауи үрдістерге баса назар аудара отырып қарастырылды. Сабақтар диалог және талқылау форматында өтіп, презентациялармен және кейстермен толықтырылды, бұл студенттерге материалды жақсырақ меңгеруге және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.


