Esil University «Бизнес және менеджмент» факультетінің «Қаржы» кафедрасының профессоры Зейнегүл Есымханова М.В. Ломоносов атындағы МГУ платформасында «Ломоносов 2026» форумының жұмысына қашықтан форматта (Мәскеу қ., РФ) қатысты.
«Ломоносов 2026» форумы аясында Есымханова З.Қ. профессоры «Ақша айналымының дамуы: тарихы және қазіргі заман» Пікірталас клубында «Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі цифрлық активтер» тақырыбында сарапшы ретінде сөз сөйледі.


