Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Шымкент колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шымкент қаласында Esil University мен Манап Үтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ академиялық серіктестікті нығайтуға, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Esil University мен Шымкент колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдыEsil University мен Шымкент колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Esil University атынан қол қою рәсіміне қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Аханов Берік және «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиев қатысты. Манап Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжі тарапынан меморандумға директор Өтегенов Мұсахан қол қойды.

Келісімнің жасалуы ұйымдар арасындағы бірлескен білім беру жобаларын іске асыру және одан әрі ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық