Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Баспасөз анонсы: ESIL UNIVERSITY-де жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

ПРЕСС-АНОНС

2023 жылғы 10 қараша, Астана қ.

Баспасөз анонсы: ESIL UNIVERSITY-де жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

ESIL UNIVERSITY-ДЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ!

ҚР Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық жастарды қолдау және елдегі адами капитал сапасын дамыту болып табылады.

Осыған байланысты Esil University «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «МРО «Астана жастары» КММ және Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен бірлесіп, жұмыс іздеушілер, астана жоғары оқу орындарының түлектері мен астана жастарына арналған жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Жұмыс орындарының жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс беруші мен іздеушінің тікелей байланысы арқылы.

Жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларын таныстыратын презентация өткізеді, бар бос орындарды ұсынады және ең қолайлы үміткерлердің өз базасын қалыптастырады. Іздеушілер, өз кезегінде, ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесіп, сұхбаттан өтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады.

Справочно:

Esil University — жиырма жылдан астам даму тарихы бар астананың жетекші университеті. Біздің миссиямыз — ақылды экономика мен кәсіпкерлік қызметке арналған бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.

МЖМО деректері бойынша Esil University түлектерінің 85%-дан астамы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасады. ҰКП «Атамекен» рейтингісінің нәтижелері бойынша университеттің барлық дерлік білім беру бағдарламалары Қазақстанның үздік жоғары оқу орны білім беру бағдарламаларына кірді.

Университет Каннам университетімен (Оңтүстік Корея), Еуропалық университетпен (Швейцария) және Final University-мен (Солтүстік Кипр) бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асырады. Барлығы 4 жыл ішінде Esil University студенттері қос диплом бағдарламасы бойынша бір мезгілде 2 диплом ала алады, оның бірі шетелдік жоғары оқу орнынан.

Іс-шараның басталуы: 2023 жылғы 10 қарашада сағат 14.00-де.

Өткізілетін орны: Астана қ., Жұбанова к-сі, 7

Қосымша ақпарат алу және өз қатысуыңызды растау үшін:

+7 771 546 97 23

Жаңалықтарға