Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатысты

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының PhD, доценті Жасұлан Садыков «НК Kazakh Tourism» АҚ ұйымдастырған ҚР-дағы MICE туризмінің панельдік сессиясына қатысты.

Панельдік сессия аясында ҚР-дағы MICE туризмін дамыту мәселелері және MICE туризмі елшілері бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ «Астана даму орталығы» ЖШС Қалмурзаева Д.Ш.-ның «Астана қаласындағы MICE туризмін дамыту» тақырыбындағы презентациялары ұсынылды.

Esil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатыстыEsil University оқытушысы MICE туризм панельдік сессиясына қатысты

MICE — бұл төрт негізгі іс-шара бағытын біріктіретін аббревиатура: Meetings – корпоративтік кездесулер мен іс-шаралар; Incentives – ынталандыру немесе мотивациялық турлар; Conferences – конференциялар, конгрестер, съездер, форумдар, семинарлар және т.б.; Exhibitions – көрмелер.

Алматы туризм бюросының MICE туризм департаментінің басшысы Айнура Тұрежанова «Алматы қаласында MICE туризмін дамыту» тақырыбында презентация ұсынды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының MICE туризм елшілерін тағайындау рәсімі өтті.

Жаңалықтарға