«ESIL University» университетінде Британ кеңесінің жаһандық серіктестікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «Қос диплом білім беру бағдарламасын әзірлеу» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының оқытушылары қатысып, біліктіліктерін арттырды: Мухиядин А.У., Азиева Г.Т., Байдаулетова А.Т., Сексембаева М.А., Есентемирова А.К., Кенебаева Д.Б., Акмолдина А.И.
Семинардың мақсаты трансұлттық білім берудің принциптерін жалпы түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ қос диплом берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге үйрету және қатысушыларды шетелдік университеттермен серіктестік келісімдерін іске асыруды реттейтін нормативтік құжаттармен таныстыру болды.

