4 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна Қазақстан институтының к.э.н., аға оқытушысы Бирмагамбетов Талғат Балтабайұлының «Қаржы» пәні бойынша «Мемлекеттік бюджет» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Өз баяндамасында дәрісші 2-курс студенттерін мемлекеттік бюджеттің принциптерімен, түрлерімен және қазіргі жағдайымен егжей-тегжейлі таныстырды. Дәріс тыңдаушыларда қызу қызығушылық тудырды, қойылған сұрақтарға білікті жауаптар мен негіздемелер берілді.


