Esil University-дің «Бизнес және басқару» факультетінде 6В041/7М041/8D041 «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша Академиялық Комитеттің кезекті отырысы өтті: «Экономика», «Құрылыстағы экономика және менеджмент», «Менеджмент», «МЖБ», «Әлем экономикасы», «HR-менеджмент», «DJ бизнес».
Академиялық комитет — білім беру процесінің барлық мүдделі тараптарының кездесіп, білім беру процесінің сапасын арттыру мәселелерін, білім беру бағдарламаларының сапасын басқару бағыттары мен механизмдерін, кәсіптік стандарттарға, жұмыс берушілердің сұраныстарына және оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес құзыреттілік тәсіл негізінде білім беру бағдарламаларын жетілдіруді, университеттің құрылымдық бөлімшелеріне сапа менеджменті принциптері мен нәтижеге бағытталған басқаруды жүзеге асыруға жәрдемдесуді, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологияларын енгізуді ұсынуды талқылай алатын алаңдардың бірі болып табылады.


