Esil University-дің «Қаржы» кафедрасы аптасы аясында «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Лұқпанова Жанар Оралхановна мен «Менеджмент» кафедрасының профессоры Есымханова Зейнегүл Қлышбекованың жеке коллекцияларынан монеталар мен банкноттар көрмесі өтті.
Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерейтойлық және естелік монеталары мен банкноттары, сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдерінің кейбір монеталары мен банкноттары ұсынылды.


