2024 ж. 4 қазанЖаңалықтар
РФ үкіметі жанындағы қаржы университетінің профессоры Н.В. Капустинаның дәрісі
2024 жылғы 1-5 қазан аралығында Esil University-дің «Менеджмент» кафедрасында ПҚС-тың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары дәріс өткізуге қатысады.
Esil University мен Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің өзара ынтымақтастық туралы жасалған келісімін іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 1-5 қазаны аралығында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің «Экономикалық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару» кафедрасының э.ғ.д., профессоры Капустина Н.В.-ның дәрісі өтті.


Профессор Капустина Н.В.-ның дәрістік сабақтары қаржылық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және қазіргі жағдайдағы тәуекелдерді талдау мен бағалау әдістері бойынша өткізілді.
Талқылау тақырыптары Esil University студенттері мен оқытушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, бұл көтерілген мәселелердің маңыздылығын растады. Қонақтық дәріс шебер-сынып форматында өтті, студенттер сабаққа белсенді қатысып, дәріс материалы бойынша сұрақтар қойды.