Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессорының дәрісі

Esil University-дің «Бизнес және басқару» факультетіндегі «Қаржы» кафедрасында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында қашықтан оқыту форматында М.В. Ломоносов атындағы МГУ Жоғары мемлекеттік аудит мектебінің мемлекеттік және муниципалдық қаржылар кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Елена Рябованың қонақ дәрісі өтті.

«Қазынашылықтың бюджетті кассалық атқарудағы рөлі» атты дәріс тақырыбы «Мемлекеттік бюджет» пәні шеңберінде 7М04109 «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттеріне ұсынылды.

Esil University-де М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессорының дәрісіEsil University-де М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессорының дәрісі

Дәріс барысында Ресей Федерациясы Федералды қазынашылығының бюджетті кассалық атқаруындағы тәжірибесінің негізгі аспектілері егжей-тегжейлі ашылды.

Сабақ презентациямен және практикадан нақты мысалдармен диалогтық-дискуссиялық нысанда өтті, бұл студенттерге бюджеттің қазынашылық орындалуының ерекшеліктерін терең түсінуге және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметімен салыстыруға мүмкіндік берді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық