Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Академиялық ұтқырлықты дамыту: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Халықаралық әріптестікті нығайту және академиялық байланыстарды кеңейту аясында Esil University оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді жүзеге асыруды жалғастыруда.

Жоғары оқу орындары арасында жеткен келісімдерге сәйкес, 2026 жылдың 16 наурыз – 16 сәуір аралығында университетте Туризм және қонақжайлылық халықаралық университетінен шақырылған оқытушы – э.ғ.к., Туризм мектебінің профессоры м.а. Хамитова Дарига Мейрамовна кәсіби қызметін жүзеге асырды.

Академиялық ұтқырлықты дамыту: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Академиялық мобильность барысында «Туристік дестинацияларды басқару» және «Digital Promotion in Tourism» пәндері бойынша оқу сабақтары мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Ұсынылған тақырыптар студенттерге дестинацияларды басқарудың заманауи құралдарымен, сондай-ақ туризм индустриясындағы цифрлық жылжытудың өзекті технологияларымен танысуға мүмкіндік берді.

Сабақтар орыс тілінде жүргізілді, бұл студенттермен тиімді байланысты қамтамасыз етіп, материалды терең меңгеруге ықпал етті. Оқушылар жоғары қызығушылық деңгейін танытып, талқылауларға белсенді қатысты және кәсіби дамуға ұмтылысын көрсетті.

Академиялық мобильділік бағдарламаларын іске асыру жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуға, озық білім беру практикаларын енгізуге және мамандар даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын нығайтады және халықаралық білім беру кеңістігіне интеграция мүмкіндіктерін кеңейтеді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық