Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Қаржы» кафедрасында шетелдік ғалымдардың дәрістері

2023 жылдың 13-15 желтоқсанында Esil University Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің шетелдік ғалымдары «Қаржы» білім бағдарламасы бойынша оқитын Бизнес және басқару факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттеріне дәрістер оқыды.

13-14 желтоқсанда Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультетінің Математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Шандра Игорь Георгиевич «Қонақ профессор» бағдарламасы аясында «Қаржылық математика» пәні бойынша дистанциялық форматта дәрістер оқыды.

«Қаржы» кафедрасында шетелдік ғалымдардың дәрістері«Қаржы» кафедрасында шетелдік ғалымдардың дәрістері

14 желтоқсанда Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультетінің Математика департаментінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Гисин Владимир Борисович «Блокчейн математикасы» тақырыбындағы лекция курсын жалғастырды.

15 ақпанда Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Ақпараттық технологиялар және үлкен деректерді талдау факультетінің Математика департаментінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Аль-Натор Мухаммед Субхи «Актуарлық математика және тәуекел теориясы» тақырыбында лекция оқыды.

Бұл дәріс курсы студенттер мен магистранттарға есептеулер жүргізу және дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар жазу кезінде қажет. Сондай-ақ қорытынды жұмыстарда экономика-математикалық әдістерді қолдану және экономикалық модельдер құру кезінде.

Жаңалықтарға