«Заңтану» мамандығы бойынша оқу процесі аясында Б-ЗАҢ 25/1 тобында (4 топ) «Конституциялық дебаттар» танымды іскери ойыны өтті. Іс-шараның бастамашысы магистр, аға оқытушы Берназарова Р.Д. болды.
Іскерлік ойын форматы дәстүрлі сабақтар шеңберінен шығып, студенттерді нақты құқықтық жағдайларға батыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар тек теорияны білетіндігін ғана емес, оны практикада қолдана білетіндіктерін де көрсетті: кейстерді талдады, өз позицияларын дәлелді түрде қорғады және топта конструктивті диалог орнатты.


