2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдау жасады. Esil University-дің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Президенттің «Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысының Жолдауы елдің болашақ дамуын және ертеңгі күнге бетбұрысты айқындады. Бұл барлық бағыттардың дамуы, еліміздің тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының өзекті мәселелерін шешуге арналған жаңа Жолдау еліміздің дамуы мен халқымыздың өмірінде көптеген жаңалықтар болатынын көрсетті. Президенттің Жолдауында елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер жарық көрді. Кезекті сессияның ашылуымен құттықтай отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессияда жемісті жұмыс атқарылғанын, атап айтқанда, қоғамдық бақылауға, адам саудасымен күреске қатысты заңдарды қоса алғанда 102 заң қабылданғанын, ғылым мен технологиялар саясатын, жылу энергетикасын және басқа да мәселелерді реттейтін заңдардың күшіне енгенін атап өтті.
Жолдауда білім беру жүйесін реформалау және кадрлық әлеуетті нығайтуға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Президент Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы тиіс 2025 жылдың маңыздылығын атап өтті және жалпы техникалық білім беру жүйесін реформалаудың қажеттілігін баса айтты. Бұл шаралар қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын алға жылжытуға бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің ұлт дамуындағы рөлі шешуші екенін атап өтті. Кәсіптік білім беруді реформалау экономикалық өсуді қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін аса маңызды мәнге ие болуда. Президент педагогикалық жоғары оқу орындарына талантты жастарды тартудың және педагогтардың біліктілігі мен мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударды.
«Мұғалімдер — ұзақ мерзімді ұлттық прогрестің негізін қалайтын елдің зияткерлік авангарды болып табылады. Бізде үздік білім беру бағдарламалары мен заманауи мектептер болуы мүмкін, бірақ білікті және ынталы педагогтарсыз табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан мақсатты жастарды педагогикалық жоғары оқу орындарына тартуға назар аудару және олардың кәсіби мәртебесін нығайтуды жалғастыру қажет. Осы бағыттағы оң серпін байқалып та тұр, енді оны бекіту маңызды», — Президент атап өтті.
Жолдау қазір мемлекетіміздің барлық аумақтарында басқарушылық, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кеңінен талқыланып, қолдауға ие болуда. Мемлекет басшысы бірлік болған жерде өмір бар екенін еске салды, өз жолдауының негізгі тезисі ретінде ол ел азаматтарын еліміздің алдында адал қызмет етуге, қадірлі еңбекпен айналысуға, терең білім алуға және талмай еңбек етуге шақырды.