Esil University-де ұлы қазақ жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына орай жарқын және маңызды Book Fest кітап жәрмеңкесі өтті. Іс-шара университеттің студенттерін, оқытушыларын және қызметкерлерін жинап, әдебиет пен мәдениеттің барлық сүйіушілері үшін мереке атмосферасын қалыптастырды. Жәрмеңкеде Әбіш Кекілбайұлының шығармалары ғана емес, сонымен бірге қазақ және шетел авторларының алуан түрлі кітаптары ұсынылды.
Жәрмеңкеге белгілі баспалар қатысты, атап айтқанда Фолиант , Қасым , Мүфтият , Отбасы хрестоматиясы , Мазмұндама , Кітапхадия и Кітапал, Пайдалы кітаптар , олар әр талғамға арналған бай әдебиет жинағын әкелді. Кітаптардан басқа, жәрмеңкеде ұлттық зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ қазақ дәстүрлері мен мәдениетін бейнелейтін түпнұсқа блокноттарды көріп және сатып алуға болатын.


