«Қаржы» және «Есеп және аудит» кафедралары «Қаржы-банк секторын, бухгалтерлік есепті, аудитті және статистиканы цифрландыру: қиындықтар мен перспективалар» тақырыбында секция отырысын өткізді. Ол ҚР ҰҒА академигі, профессор Ғабдығапар Сейтқасымовтың 85 жылдығына арналған «Сейтқасымов оқулары – 2025» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтті.
ҚР Ұлттық Банкінің цифрлық трансформациясы және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндамалармен ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері сөз сөйледі: Ищанова Руслана Қуанышқызы — ҚР Ұлттық Банкі Орталық филиалы директорының орынбасары, PhD докторы; Омарова Элнура Төлепбергенқызы — Қолма-қол ақша және кассалық операциялар бөлімінің бас маманы-экономисі; Пулатова Дана Нұрлышқызы — Экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маманы-экономисі.


