Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Есеп және аудит» кафедрасы жұмыс берушімен кездесу өткізді

«Есеп және аудит» кафедрасы «IQ AUDIT» ЖШС басшысы, жұмыс беруші Башиков Рустам Муратовичпен кездесу өткізді. Кездесуге «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар э.ғ.к. Бекжанова Тоты Қолжановна және аға оқытушы Михайлина Ирина Николаевна болды.

«Есеп және аудит» кафедрасы жұмыс берушімен кездесу өткізді«Есеп және аудит» кафедрасы жұмыс берушімен кездесу өткізді

Кездесу барысында кәсіпорындардың салалық тиесілігіне қатысты аудиттің өзекті мәселелері, жұмыс берушілердің түлектерге қойылатын талаптары және білікті мамандарды даярлау саласындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Башивов Р.М. өз тәжірибесімен бөлісіп, аудиторлық тексерулер жүргізудің қызықты мысалдарын келтіріп, аудит қызметі мамандарына қойылатын негізгі талаптарды айқындады.

Лектор түлектер үшін жұмысқа орналасудың негізгі критерийлерін тұжырымдады. Қосымша ретінде өзекті цифрлық құралдар мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын зерделеу қажеттілігі айқындалды.

Кездесуге сондай-ақ кафедра оқытушылары қатысты: PhD, асс. профессор Алтынбеков М.А., PhD аға оқытушы Айтхожина А.Е., PhD, аға оқытушы Успамбаева М.Қ., магистр, оқытушы Оралбекова Ж.Қ. Кездесу қорытындысы бойынша студенттер «IQ AUDIT» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өтуге шақыру алды.

Жаңалықтарға