Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеу жасады

Атқарушы органдар жіберген кемшіліктерді жою үшін Президент шұғыл түрде нақты тапсырмалар берді.

«Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда», - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеу жасадыҚасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеу жасады

Қазіргі уақытта Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланған.

Тасқынмен күресте ТЖМ-нің барлық ресурстары жұмылдырылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық гвардияның, Қарулы Күштер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсенді қатысуда. Зардап шеккен аймақтардың әкіматтары тәулік бойы жұмыс істеуде. Ондаған мың еріктілер көмек көрсетуде.

Esil University су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қорын және арнайы көмек пунктін ашты.

Өткен аптада Арқалық, Амангелді, Жангелді тұрғындарына арналған гуманитарлық жүкпен көлік жіберілді. Келесі аптада екінші жүк көлігі жіберіледі.

Жаңалықтарға