25 сәуірде Esil University-де «Социология» пәні аясында Айжан Аден оқытушысы ұйымдастырған «Модернизация, урбанизация және әлеуметтік өзгерістер» тақырыбында қонақ лекциясы өтті.
Шақырылған дәрісші — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, Беларусь Республикасының тарих ғылымдарының докторы Жарқын Айгүл Мәліқовна — студенттерге жаһандану, көші-қон, урбанизацияның қазіргі қоғамға әсерін жан-жақты талдап берді.


