Esil University-де «Құқық» кафедрасы аптасы аясында жұмыс берушілермен, профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен «Ерікті жинақтаушы сақтандыру арқылы халықтың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы кездесу өтті.
Іс-шараның спикерлері өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) Halyk Life қаржы кеңесшілері — Жанар Байғалиева, Азімқұл Даврановов және Дастан Дәулетияров болды. Кездесу барысында сақтандыру мәдениетінің өзекті мәселелері, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау тетіктері және жинақтаушы сақтандыру өнімдерінің артықшылықтары талқыланды.


