Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде «Жас қызметкерлер мектебі» — мемлекеттік қызметке талантты және белсенді жастарды тарту, олардың құзыреттіліктері мен кәсіби шеберліктерін дамытуға бағытталған жоба іске асырылуда.
Атап өтейік, жобаның негізгі мақсаты — талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр резервін қалыптастыру. Мектеп жас көшбасшыларға мемлекеттік органдардағы айлық тағылымдамамен қатар теориялық және практикалық негіздерді алуға мүмкіндік береді.


