Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Наурыз мерекесі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

«Наурыз мерекесі» тақырыбына арналған ашық кураторлық сағат К.Т. Тұлегенова жетекшілігімен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» тобының 1-курс студенттері арасында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерді қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарымен таныстыру, сондай-ақ Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер Наурыз мерекесінің тарихы, оның шығу тегі және қазақ халқы үшін маңызы туралы ақпарат бөлісті. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен салт-дәстүрлер талқыланып, мерекеге байланысты қызықты сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.

Esil University-де «Наурыз мерекесі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өттіEsil University-де «Наурыз мерекесі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

Іс-шара жоғары танымдық және мазмұнды деңгейде өтті. Студенттер белсенді қатысты және ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығын тағы бір рет сезінді.

Сондай-ақ ашық кураторлық сағатқа аға оқытушы Жайлаубаева Ж.А. және аға оқытушы Тансыкбаева Г.О. қатысты.

Жаңалықтарға