Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы Сыздықов Абай Арыстанұлы және Астана қаласы «Байқоңыр» 23 УПП УПО СПО учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Оспан Руслан Сыдықұлы жүргізді. .
Әңгіме барысында құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге құқық бұзушылықтардың түрлері, олардың ықтимал салдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ қоғамда құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Жастар арасында кең тараған қылмыс болып табылатын «тасалма» тақырыбы арнайы қозғалды.


