Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Esil University-де белгілі ғалым-экономист және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Берік Бейсенғалиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның экономикалық саясаты және тұрақты дамуы: ғылым, заңшығарушылық және практика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға ғалымдар, сарапшылар және шетелдік серіктестер, сондай-ақ Esil University басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін, тұрақты даму жолдары мен ұлттық ресурстарды тиімді басқаруды талқылады.

Esil University-де халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттіEsil University-де халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Пленарлық сессия аясында баяндамамен сөз сөйледі Budapest Metropolitan University профессоры László Vasa . Ол Қазақстандағы көлік инфрақұрылымы мен экономикалық дәліздердің дамуы транзитке ғана емес, ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсудің негізіне де қызмет етуі тиіс деп атап өтті.

Тұрақты даму тақырыбын жалғастыра отырып, Иван Потравный, экономика ғылымдарының докторы, Г.В. Плеханов атындағы РЭУ профессоры, «Тау-кен өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу және халықтың экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету: Ресей, Қазақстан Республикасы және Моңғолия арасындағы ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.

Emeritus Professor Datuk Dr. Mohd Tajudin Bin Md Ninggal, Open University (Малайзия) вице-президенті , халықаралық академиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті және Малайзия үкіметінің тұрақты дамуға, ESG қағидаттарына және әлеуметтік, экономикалық және білім берудегі жауапкершілікке кешенді тәсілі туралы айтты.

Алпысбай Жүсіпов, заң ғылымдарының докторы, Esil University профессоры, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің конституциялық дамуы: құқықтық аспект тақырыбында баяндама жасады.

Дмитрий Улыбышев, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент және Esil University-дің әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры , конференция қатысушыларына Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау және ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану туралы баяндады.

Конференция жұмысы секциялық отырыстар аясында жалғасып, қатысушылар экономикалық саясаттың қолданбалы аспектілерін, тұрақты дамудың заманауи қиындықтарын және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады.

Жаңалықтарға