Esil University-де Erasmus+ жобаларының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жоғары білімнің дамуына әсерін талқылауға арналған Кластерлік кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі тарапынан Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Еуропалық білім мен мәдениет атқарушы агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Кездесу жұмысына ППЖО, Жан Моне, Erasmus Mundus Joint Masters, Erasmus Mundus Design Measure жобаларының үйлестірушілері, университет өкілдері, зерттеушілер мен сарапшылар қатысты. Іс-шараны Esil University-дің ғылыми жұмыс және интернационализация жөніндегі проректоры Дәметкен Тұрекұловтың сәлемдеме сөзімен ашылды.
В ходе встречи участникам представили результаты ключевых экологических и образовательных проектов Erasmus+. Лаура Палуанова рассказала о реализации инициатив программы Erasmus+ в Казахстане. Ұлан Бекіш представил опыт проекта ESGCA, направленного на развитие эффективного управления в сфере экологии и занятости. Гульмира Сатыбалдиева поделилась результатами проекта UnWaste, в рамках которого разработана магистерская программа по управлению отходами. Эльмира Орынбасарова представила итоги проекта EMINREM, посвящённого экодобыче и инновационному управлению ресурсами.
Іс-шараның екінші жартысында Жанар Шортанбаева жер ресурстарын басқаруға және білімнің бизнеспен өзара іс-қимылына бағытталған LESLIE жобасы туралы айтты. Ирина Богдашкина тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы докторантураны дамытуға бағытталған SAGRIS жобасын таныстырды. Динара Жақсынбек Орталық Азия университеттерінде жасыл тәсілдерді алға жылжытатын GDCAU жобасына тоқталды. Сөз сөйлеушілер сериясын Лаура Хасенова аяқтап, су білімін экологизациялауға арналған GreenCA жобасының нәтижелерін таныстырды.
Баяндамалар сұрақ-жауап сессияларымен ұштасты, онда қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту және табысты тәжірибелерді қазақстандық университеттердің білім беру бағдарламаларына енгізу перспективаларын талқылады.