Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша дөңгелек үстел өтті

Esil University «Құқық» кафедрасында кафедра аптасы аясында «Азаматтардың құқықтарын қорғау» тақырыбында бинарлық дөңгелек үстел өтті.

Баяндамашы ретінде халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Мира Жумагазиовна Куликпаева сөз сөйледі.

Esil University-де азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша дөңгелек үстел өттіEsil University-де азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша дөңгелек үстел өтті

Іс-шара барысында қатысушылар құқық қорғаудың өзекті мәселелерін, халықаралық құқық нормаларын қолданудың ерекшеліктерін және салыстырмалы құқықтануды талқылады. Дөңгелек үстел форматы студенттер мен оқытушыларға талқылауға белсенді қатысуға, сұрақтар қоюға және құқық қолдану тәжірибесінің нақты мысалдарын қарастыруға мүмкіндік берді.

Жаңалықтарға