Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де имитациялық сот сабағы өткізілді

Esil University «Құқық» кафедрасы Байқоңыр ауданының прокуратурасымен бірлесіп «Сот өндірісі» тақырыбында имитациялық сот сабағын өткізді.

Прокуратура органдарымен өткізілген іс-шараның мақсаты «Юриспруденция» білім беру бағдарламасы аясында құзыретті тәсілді іске асыру және оқу үдерісінің тиімділігін арттыру болды.

Esil University-де имитациялық сот сабағы өткізілдіEsil University-де имитациялық сот сабағы өткізілді

Іс-шара барысында сот өндірісінің түрлі аспектілері, сондай-ақ есірткіге қатысты түсініксіз және даулы мәселелер талқыланды. Бейне сабақтар студенттерді қызықтыратын сұрақтарға тапсырмалар беруге баса назар аудара отырып жүргізілді, бұл сабақтарға деген тәсілді практикалық жағынан жетілдірді. Сот процесінің барысы бақыланды.

Жаңалықтарға