Бүгін Esil University Ғылыми кеңесінің отырысында ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аяпберген Таубаев «Қаржы» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Амина Амиржановнаны 70 жылдық мерейтойымен жылы құттықтады.
Ректор өз сөзінде университеттің, ғылымның және білімнің дамуына жасаған көпжылдық және адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және елеулі үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді.


