2025 ж. 6 ақпанЖаңалықтар
Esil University-де мультимедиялық интерактивті бейнестудия ашылды
Esil University-де бейнедәрістер, вебинарлар, семинарлар өткізуге, сондай-ақ білім беру мазмұнын жазуға және трансляциялауға арналған заманауи мультимедиялық интерактивті бейнестудия жұмыс бастады.
Мультимедиялық студия интерактивті жарықдиодты тақтаны, 3D-модельдеу жүйесін, хромакейді, теледиктофонды, сондай-ақ кәсіби жарық, аудио- және бейнежабдықты қамтитын озық технологиялармен жабдықталған. Бұл техникалық шешімдер оқытушыларға жаңа форматта сабақ жүргізуге, ал студенттерге жоғары сапалы білім беру мазмұнына қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Esil University ректоры Аяпберген Таубаев жаңа білім беру кеңістігінің маңыздылығын атап өтті:
«Мультимедиялық студия құру — бұл цифрлық білімді дамыту және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізудегі маңызды қадам. Жаңа алаң оқытушыларға сапалы білім беру мазмұнын дайындауға, интерактивті дәрістер мен бейнематериалдар жасауға, сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін заманауи платформаларды пайдалануға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ректор.
Бейнестудияның ашылуы — Esil University-дің білім беру процесін жаңғыртуға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және цифрлық оқытудың деңгейін арттыруға бағытталған тағы бір қадамы.