Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де кластерлік талдау мен диагностика әдістері талқыланды

«Қаржы» кафедрасы «Әлеуметтік-экономикалық зерттеулердегі көпөлшемді статистикалық талдау әдіснамасы: кластерлік талдау, диагностика» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Спикер ретінде э.ғ.д., профессор Рахметова Р.У. сөз сөйледі. Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына «Экономика» кафедрасының оқытушылары, түрлі білім беру бағдарламаларының докторанттары мен магистранттары қатысты.

Esil University-де кластерлік талдау мен диагностика әдістері талқыландыEsil University-де кластерлік талдау мен диагностика әдістері талқыланды

Профессор Рахметова Р.У. ғылыми еңбектерін таныстырды және университет кітапханасына сыйға тартты.

Презентация Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қаржылық қолдауымен (МҚ AP23488200 «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үдерістерін пәнаралық зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері: статистикалық-математикалық әдістер, компьютерлік технологиялар») өтті.

Баяндама аудиторияның, атап айтқанда докторанттардың қызығушылығын тудырды, бұл ғылыми-әдістемелік семинар тақырыбы бойынша өткен жанды талқылау мен көптеген сұрақтардан байқалды.

Жаңалықтарға