«Есеп және аудит» кафедрасының апталығы аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бас сарапшысы Жақметова Айнұр Қайыржановнаның қатысуымен қонақ дәріс өтті. Ұйымдастырушы — PhD, доцент м.а. Әлиева Айнур Омірбекқызы. Жиын қатысушылары — кафедраның ПҚ құрамы және «есеп және аудит», «статистика» мамандықтарының студенттері.
Дәріс өзекті мәселелерге арналды: мемлекеттік мекемелер активтерін аудиттеу, атап айтқанда мемлекеттік меншік активтерін есепке алудың ағымдағы жағдайы. Қазіргі уақытта мемлекеттің ұзақ мерзімді активтерін — жер учаскелерін, ғимараттарды мен құрылыстарды, биологиялық активтерді және т.б. — есепке алу мәселесі өткір тұр. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікте көптеген активтер бастапқы құны бойынша немесе нөлдік құнмен есепке алынады, тіпті есепке алынбауы да мүмкін.
Дәріс барысында Жахметова А.Қ. мемлекеттің барлық активтерінің есебі қай жерде жүргізілетінін толық баяндады, мемлекеттік тізілімнің электрондық жүйесінде қалай жұмыс істеу керектігін, аталған жүйеге қандай бөлімдер енгізілгенін және олардың не үшін қолданылатынын нақты көрсетті. Сондай-ақ осы жүйе арқылы қанша мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіру жолымен сатылғанын, облыстар мен аймақтар бойынша қанша мемлекеттік кәсіпорын бар екенін көрсетті.
Осы тақырып аясында лектор мемлекеттік аудиторлардың жұмыс қағидаттарын, олардың қандай құжаттармен реттелетінін және мемлекеттік аудит жұмысын жүргізудің негіздерін де атап өтті. Іс-шараға: кафедра меңгерушісі э.ғ.к. Бекжанова Тоты Қолжанқызы, э.ғ.д., профессор м.а. Шаяхметова К.О., PhD, доцент м.а. Успамбаева М.К. қатысты.
Қонақтық дәріс студенттерге бағалы білім мен практикалық ұсыныстарды тікелей алу, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер активтерін аудиттеудің өзекті мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігін берді. Мұндай іс-шаралар университет пен кәсіпқой мамандар, мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланысты нығайтып, болашақ мамандардың даярлық сапасы мен еңбек нарығына бейімделгіштігін арттырады.