Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қаржылық сауаттылық бойынша кураторлық сағат өткізілді

«Экономика және маркетинг» кафедрасының оқытушысы Наурызбаева А.А. 2-курстың Б ДМ 24/1 және Б ДМ 25/23 топтарымен «Қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың белгілерін тану» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Студенттер негізгі бағыттармен танысты: - қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтық ұғымы; - алаяқтық схемалардың негізгі белгілері; – онлайн алдаудың түрлерімен (жалған инвестициялар, фишинг, жалған дүкендер, аккаунттарды бұзу); - ақпарат пен қаржылық ұсыныстарды тексеру тәсілдері; - интернетте қауіпсіз мінез-құлық ережелері.

Esil University-де қаржылық сауаттылық бойынша кураторлық сағат өткізілдіEsil University-де қаржылық сауаттылық бойынша кураторлық сағат өткізілді

Куратор сағаты барысында студенттер қаржылық пирамиданы заңды жобадан қалай ажырату керектігін, алаяқтар жиі қолданатын уәделерді, күмәнді инвестицияларға қатысу тәуекелдерін, интернет-алаяқтыққа тап болғандағы іс-әрекеттерді, сондай-ақ студенттер үшін қаржылық және цифрлық сауаттылықтың маңызын талқылады.

Қаржылық ұсыныстармен жұмыс жасау кезінде сыни ойлауды қалыптастыруға, дереккөздерді тексеру дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жеке деректер мен ақша қаражатының қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Жаңалықтарға