Шақырылған психологтар студенттерде жиі алаңдаушылық тудыратын факторлар, стресстің алғашқы белгілерін қалай тануға болатыны және оқу мен емтихан кезеңінде ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін әдістер туралы айтты. Практикалық техникаларға — тыныс алу жаттығуларына, өзін-өзі реттеу әдістеріне және позитивті ойлау тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушылары талқылауға белсенді қатысты, жеке тәжірибелерімен бөлісті және мамандарға сұрақтар қойды.


