Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Университетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өтті

8 сәуірде Esil University-де Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ СЖРА ҚР) қатысуымен ұйымдастырылған «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.

Лектор ретінде ҚР МЖБА ҰСБ Ақпараттық-есептеу орталығы МКК басқару бөлімінің директоры Ақмарал Тоқбергенова сөз сөйледі.

Университетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өттіУниверситетте «Статистикадағы цифрландыру құралдары» тақырыбында қонақ дәріс өтті

Ақмарал Токбергенова является экспертом в области цифровых решений и технологий обработки данных в государственной статистике. В своей профессиональной деятельности она занимается вопросами автоматизации статистических процессов, внедрения цифровых платформ и развития сервисов для пользователей статистической информации.

Дәрісте қамтылған негізгі тақырыптар: статистикалық деректерді жинау мен өңдеу процестерінің цифрлық трансформациясы; ҰСБ-да қолданылатын заманауи IT-шешімдер; респонденттермен өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыру; электрондық есептілік және статистикалық портал; Қазақстан статистикасындағы цифрлық сервистердің даму перспективалары.

Іс-шараға Esil University мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы, «Статистика», «Есеп және аудит», сондай-ақ басқа да дайындық бағыттарының білім беру бағдарламалары студенттері қатысты.

Қонақ дәрісі студенттерге мемлекеттік статистикада цифрлық технологияларды қолданудың нақты кейстерімен танысуға мүмкіндік берді, заманауи IT-құралдар мен олардың аналитикалық қызмет үшін маңызы туралы түсінікті кеңейтті.

Жаңалықтарға