Esil University-де Астана қаласы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел өкілетті қызметкері, полиция капитаны Бралин Алмаз Ғабиденұлы мен аға жедел өкілетті қызметкер, полиция майоры Маратов Амир Маратұлының ақпараттық дәрісі өтті.
Кездесуде студент жастар арасында саяси, діни және ұлттық экстремизмнің таралуын болдырмаудың маңызды аспектілері талқыланды.


