«Есеп және аудит» кафедрасы аптасы аясында түлек курс студенттеріне арналған «Тәуекелдерді басқару әдістері» тақырыбындағы семинар өтті. Іс-шара э.ғ.к. доценттер А.А. Қажмухаметова мен Л.Ж. Айтхожина кафедраның шақырылған оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырды.
Семинар барысында студенттер тәуекелдерді басқарудың негізгі аспектілерін қарастырды. Атап айтқанда, Д. Рекубрацкий және С. Түленбекова «Операциялық тәуекел: сақтандыру» презентациясын ұсынып, сақтандырудың қаржылық шығындарды қалай азайтуға, компанияның беделін қорғауға және оның қаржылық тұрақтылығын арттыруға көмектесетінін талқылады.
Молдабай М. және Ринатұлы А. «Нарықтық тәуекел: диверсификация» тақырыбында баяндама жасады, активтердің алуан түрлілігінің, географиялық және салалық диверсификацияның тәуекелдерді азайту және инвестициялық портфельдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Владимирова Е. және Яцко А. «Оқиға тәуекелі: хеджирлеу» презентациясын ұсынды, нарықтың күрт тербелістерінен қорғау үшін өтемақы, тәуекелдерді ауыстыру принциптерін және туынды қаржы құралдарын — фьючерстерді, форвардтарды және опциондарды — пайдалануды түсіндірді.
Семинар студенттерге тәуекелдерді басқару бойынша практикалық ұсыныстарды талқылауға, әріптестеріне сұрақтар қоюға және қарастырылып жатқан тақырыптар бойынша түсінімдерін белсенді түрде көрсетуге мүмкіндік берді. Іс-шара өнімді өтіп, студенттердің қаржылық тәуекелдерді басқару саласындағы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.