Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы туралы Ережелер (бұдан әрі — Ережелер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген.

Конкурсқа қатысу үшін университеттің штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы

I этап байқау 2025 жылдың 3 қарашасынан басталып, 2025 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі (universitycontest2025.iac.kz.) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру байқауына қатысуға арналған үлгілік өтінімді;

2) осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (нақты мерзімдері көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер (2025, 2024, 2023, 2022, 2021 жж.));

3) осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес жұмыстың жылдық жоспар-кестесі;

4) жеке кадрлық есеп парағы;

5) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Тапсыру мерзімі I кезең бойынша апелляциялар 17-19 қараша аралығындағы байқау.

II этап байқау 2025 жылдың 1 желтоқсанында басталып, 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сонымен қатар universitycontest2025.iac.kz сайтында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулық орналастырылады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық