«Есеп және аудит» кафедрасы «IQ AUDIT» ЖШС Башиков Рустам Муратовичтің қатысуымен қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәрістің тақырыбы «Кәсіпорындардың салалық тиесілігіне қатысты аудиттің өзекті мәселелері».
Ұйымдастырушылар ретінде э.ғ.к. Бекжанова Тоты Қолжанқызы және аға оқытушы Михайлина Ирина Николаевна сөз сөйледі. Дәріс шеңберінде Башивов Р.М. түрлі салалық тиесілілік кәсіпорындарында аудит жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер туралы толық баяндап, түлектердің сәтті жұмысқа орналасу критерийлері айқындалды.
Сондай-ақ дәрісші аудиторлық тексерулер жүргізу кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, цифрлық талдау құралдарын және стратегиялық ойлау әдістерін меңгерудің қажеттілігін атап өтті. Дәріс барысында студенттер бухгалтерлік есеп бойынша тренингтік жағдаяттарды шешті.
Іс-шараға кафедра оқытушылары қатысты: PhD, асс. профессор Алтынбеков М.А., PhD аға оқытушы Айтқожина А.Е., PhD, аға оқытушы Успамбаева М.Қ., магистр, оқытушы Оралбекова Ж.Қ.
Қонақ дәрісі студенттерге бағалы білім мен практикалық ұсыныстарды тікелей алу, сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізу кезіндегі өзекті мәселелер бойынша қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігін берді.