Э.ғ.д., профессор Шаяхметова К.О. жетекшілігімен «Бизнес және басқару» факультетінің экономикалық мамандықтарының 2-курс студенттері үшін ҚР ҰБ орталық филиалының (Астана қ.) экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисті Дана Пулатованың қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында цифрландыру жағдайындағы экономикалық талдау мен статистиканың заманауи тәсілдері қарастырылды, оның ішінде Big Data, жасанды интеллект және автоматтандырылған есептілікті пайдалана отырып ретроспективтік талдаудан болжамды талдауға өту, ҚР заңнамасындағы өзгерістер, GovTech дамыту, деректерді қорғауды күшейту және цифрлық активтерді есепке алу мәселелері қарастырылды.

