Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Статистика әлемі»: студенттерге арналған іскерлік ойын форматындағы ашық сабақ

Esil University-де арасында «Статистика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері (қазақ тобы) арасында іскерлік ойын форматында «Статистика әлемі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары — э.ғ.к., доцент Қажмұхаметова А.А. және магистр, аға оқытушы Асқарова Т.М. ұйымдастырды.

Сабақтың негізгі мақсаты студенттерде статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ орта арифметикалық, медиана және мода сияқты негізгі ұғымдарды қолдану болды. Сыни ойлауды және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

«Статистика әлемі»: студенттерге арналған іскерлік ойын форматындағы ашық сабақ

Сабақ сәлемдесу мен мақсат қоюдан басталды, содан кейін студенттер іскерлік ойынға қатысу үшін командаларға бөлінді. Бірінші кезеңде қатысушылар оқушылар арасында мини-сауалнама жүргізіп, мысалы, сүйікті пәндерді, спорт түрлерін және ұйқы ұзақтығын анықтады.

Екінші кезеңде командалар жиналған деректерді өңдеді: кестелер жасады және нәтижелерді диаграммалар түрінде ұсынды. Одан әрі студенттер өз зерттеулерінің нәтижелерін көрсететін бейнероликтер мен ребустар дайындап, шығармашылық тұрғыдан келді.

Қорытынды бөлімде әрбір команда өз жұмысының нәтижелерін ұсынды, алынған тұжырымдарды дәлелді түрде түсіндірді. Бағалау есептеулердің дұрыстығы, деректерді ұсынудың дәлдігі, талдау сапасы, командалық жұмыс және жобаны қорғау сияқты бірқатар критерийлер бойынша жүргізілді. Сабақ нәтижелері бойынша «Үздік аналитик», «Үздік зерттеу» және «Ең шығармашыл команда» номинацияларында үздік командалар анықталды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық